Облысымызға белгілі ардегер-ұстаз Жангелді Тәжин жарты ғасырға жуық уақытын шәкірт тәрбиелеуге жұмсады. Қазір ардагер ұстаз зейнет демалысына шықса да, қол қусырып отырған жоқ. Ол Петропавлдағы ардагерлер кеңесін басқарады. Тілші толықтырсын.
Ұстаз – аты да заты да өшпес асыл мамандық. Жангелді Тәжиннің мұғалімдік қызметті таңдауының бір себебі осы. Оған қоса туған-туыстары мен бауырларының да дені шәкірт тәрбиелеуді өмірлік жол етіп алған. Бұл әулеттің жалпы еңбек өтілін қосқанда 300 жылдан асып жығылады.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, АРДАГЕР ҰСТАЗ:
- Мен сол ауылдық кәсіптік-техникалық училищеде механизатор, электрик тағы басқа ауылға қажетті мамандарды дайындағын біліи ордасы директорының орынбасары ректор болдым. Кейін қалада 1992 жылы қазақ мектебі ашылатын болды. 96-шы жылы сонда директор болдым. Онда 14 жыл істедім. Сосын саңырау балалар мектеп-интернатының директоры қызметін атқарып, сол жерден зейнетке шықтым.
Жангелді Тәжин - Жамбыл ауданы, Баян ауылының тумасы. Әуелде мұғалім, кейін білдей бір білім ұясын басқарған азаматың шәкірттерінің алды бүгінде белді қызметкерлер.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, АРДАГЕР ҰСТАЗ:
- Мұғалім болу үшін адам әуелі елі мен жерін, кәсіби мамандығын сүюі керек. Елдің назары мен құрметіне бөленгің келсе өз ісіңнің шебері болуға тиіссің. Ел деп жүрегің елжіреп тұру керек. Елдің патриоты болу мұғалімнің бейнесінен басталады.
Бүгінде шәкірт тәрбиелеуде сүбелі еңбек сіңірген зейнеткер Жангелді Уақпанұлы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде абыройлы еңбек етіп отыр.