Өңірде күздік жиын-терім жұмысы қауырт жүріп жатыр. Шаруалар жылы күнде барынша қамбаны астыққа толтырып алуға асыққан. Өңірдегі Жамбыл ауданы бойынша дәнді және бұршақ дақылдарының 183,5 мың гектары шабылған. Әр гектардан орта есеппен 17,3 ц өнім алынып жатыр. Ал майлы дақылдардың гектар берекелігі 14,9 центнер.


Жамбыл ауданы Казанка ауылында Атамекен агро Қазақстан агрохолдингіне кіретін «Шатило и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде егістіктің 83 пайызын жинаған. Директордың айтуынша күн райындағы қолайсыздық болмаса осы уақытта барлық жұмыс толықтай аяқталар еді. Қазір диқандар бидайдан басқа егіннің бәрін жинап алған.


ОЛЕГ АДАМ «ШАТИЛО И К» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Ну конечно август сентябрь (перевод) Әрине тамыз-қыркүйек айлары жұмысты бастауға қолбайлау болды. Әсіресе бұршақ дақылдарын жинау қиын болды. 15 қазанға дейін егістікті түгел жинап үлгереміз деп ойлаймын. Өнім былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір жақсы. Мысалы біз былтыр дәнді дақылдардан 15 центнер алсақ биыл 29 центнерге жетті.