Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Петропавлдың зейнет жасындағы 50-ден астам тұрғыны қатысты. Қонақтар викториналық ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Тілші толықтырсын.
Бүгінгі мерекелік іс-шараға Петропавлдағы шығармашылық ұжымдардың мүшелері шақырылған. Солардың ішінде «Вдохновение» би ұжымы мен «Злато колечко» вокал тобының әртістері де бар. Бір ерекшелігі – олардың барлығы зейнеткерлер. Қонақтар жиналған қауымға өз өнерлерін паш етті.
ОЛЬГА СКАКУНОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Біздің кітапханада халықаралық қарттар күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Бүгін түрлі викториналық ойындар,конкурстар ойнатылады, театрлық қойылым да болады. Ал қатысушылар болса – белсенді әрі креативті зейнеткерлеріміз. Біздің, әсіресе жастарымыздың аға буыннан алары көп. Сондықтан қос тарапты біріктіріп те осындай жиындарды жиі өткізу керек деп ойлаймын.
Қонақ болып келіп отырған 63 жастағы Елена Аличева да әуездете ән салмақ.
ЕЛЕНА АЛИЧЕВА, «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Бүгінгі бас қосуда барлығы өз таланттарын паш етіп, көңіл-күйді көтеруге мүмкіндік алып отыр. Мұндағы жандардың бәрі зейнетте болса да өте белсенді. Қарап көзің сүйсінеді. Бастысы әрқайсының денсаулығы мықты болсын.
Думанды іс-шараға ҚР Ұлттық Ұланы академиясының сарбаздары да қатысты