Референдумға санаулы күндер қалды. Осы орайда Петропавлдың әрбір тұрғынын атом электр станциясы туралы дұрыс ақпарат беру үшін облыстық халықтық штаб жұмысын жалғастыруда.
Штаб өкілдері бір ай бойы облыс орталығы мен аудандарының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал бүгін мұндай жиын «Зерттеу СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де өтті. Мұнда құрылыс компаниясының ұжымына атом электр станциясының елге берер мүмкіндіктері айтылды. Халықтық штаб спикерлері бөліскен ақпарат Курчатов қаласындағы Ядролық физика институтының қызметкерлерімен бірлесіп дайындалған.
АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ, СҚО БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ:
– Бүгін атом мамандарына қатысты сұрақ қойылды. Бұл атом электр станциясында кім жұмыс істейді? Елде атом энергетикасының мамандары жеткілікті. Соңғы 10 жылда статистикаға сүйенсек, 2 мыңға жуық маман дайындалған. Тіпті біздің университетте ядролық физика мамандығы бар.