Ұстаздар күніне арналған кезекті іс-шара. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада суреттер көрмесі өтті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған жиында он саусағынан өнер тамған суретші - педагогтердің жұмыстары қойылды.


Көрмеден 11 мұғалімнің 25-ке жуық туындысын көруге болады. Арасында ЮНЕСКО клубы педагог-суретшілерінің жұмыстары да бар. Жалпы, бұл көрме дәстүрлі.


НАТАЛЬЯ ЧУРЯК, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІС:І

- Біз мұндай көрмелерді жиі өткіземіз. Мақсат- суретші-ұстаздарды жұртқа таныстыру, оларға шабыт беру. Негізі, кітапхана қабырғасында үнемі ұстаздарың туындылары ілініп тұрады. Жыл сайын педагог суретшілер бізді әртүрлі ерекше картиналарымен таң қалдырып жатады. Көрем,тамашалаймын деген жанға есік әрдайым ашық.


Көрмеге қойылған туындылардың қайсы болмасын автордың көңіл-күйін суреттейді. Падагог Ольга Сушкова эмоциясын күз мезгілін суреттеу арқылы жеткізген.


ОЛЬГА СУШКОВА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМІ:

- Біз бүгін лайықты деген туындыларды көрсетіп отырмыз. Дәстүрлі көрмеге жыл сайын қатысамыз. Кейде әрбір ұстаздың жекелей де көрмесі өтеді. Өзімнің жұмысыма тоқталайын. «Күзгі гүлдер мен алма» натюрморты. Майлы және акрил бояумен салынған.


Ұстаздар салған туындыларды қала тұрғындары кітапханада тегін тамашалай алады.