Жасанды интеллект білім саласында да қолданылып жатыр. Петропавлдағы А. Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектептің мұғалімі Екатерина Стаценко өз сабағын нейрожелінің көмегімен өткізеді.Ұстаздарға таптырмас көмекші құрал болған тың технология оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып отыр.
Екатерина Стаценко А. Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектепте 5 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ізденімпаз ұстаз – сабақтарының қызықты болғанын қалайды. Сондықтан, ол өздігінен жасанды интеллекті зерттеп, сабақтарында оның мүмкіндіктерін тиімді қолданып жүр.
ЕКАТЕРИНА СТАЦЕНКО, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:
- Мысалы, бұл өлеңге иллюстрация нейрондық желілердің көмегімен жасалды. Сондай-ақ, сабақ үстінде орындайтын тапсырмалар да осылай автоматты түрде жасап береді. Әлбетте, мен барлығын тексеріп аламын. Жасанды интеллект бізге уақытты үнемдеуге көп мүмкіндік береді.
Мұғалімнің айтуынша, ескіше оқыту әдісі қазіргі балалардың ішін тез пыстырады.. Сондықтан, әр сабақ жаңашылдықты әрі қызықты тапсырмаларды талап етеді.
- Екатерина Андреевнаның барлық сабақтары қызықты өтеді. Оның ішінде маған әдебиет пәнін көбірек ұнайды.
- Ал, маған математика ұнайды. Мысалдарды, есептерді шешкенді жақсы көремін. Себебі, сабақ қызықты өтеді әрі маған мұғалім керемет түсіндіреді.Екатерина Андреевна мейірімді ұстаз. Егер тапсырманы түсінбесек, бәрін қайтадан түсіндіріп береді. Сабақта түрлі-түрлі әдемі суреттер, видеолар көрсетеді.
Айта кеткен жөн, мұғалім жасанды интеллект арқылы жасалған тапсырмаларды міндетті түрде тексеріп алуы тиіс. Өйткені, ол бағдарлама болғандықтан, қателесіп, оқушыға қате әрі қауіпті ақпарат беруі мүмкін.