«Солтүстік Қазақстанның білім және ғылым алтын қорының» өкілі Аққайың ауданында жұмыс істейді. Ирина Ким - сүйікті ісіне 27 жылын арнаған педагог. Ол – ұстаздар әулетінен, атасы, әке-шешесі де осы салада қызмет еткен.
Ирина Ким №1 Смирнов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. Ол бұл мамандыққа анасының жолын қуып келген. Енді қызы да мұғалім мамандығын таңдаған.
ИРИНА КИМ, МҰҒАЛІМ:
- Мен бұл мамандықты таңдағаным үшін еш өкінбеймін. Жұмысым да, балаларды оқытқан да ұнайды. Күнде сабақ жоспарын құрамын. Оқушыларымның әр жетістігіне қуанамын. Олармен бірге түрлі жобалар дайындап, бірге сабақ оқимыз. Байқауларға, олимпиадаларға да қатысамыз.
Білім ордасында 300-ге жуық оқушы білім алады. 42 педагог жұмыс істейді. Барлығы Ирина Николаевнаны бағалайды және құрметтейді.
ЖАСЛАН СҮЙІНДІКОВ, №1 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Ол біздің мектепке жаңашылдық әкелген мұғалім. "Облыстың үздік педагогы" байқауына да қатысты. Сабақтарда айти-технологияларды қолданады. Білім ордамыздың жетекші маманы.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Солтүстік Қазақстанның білім және ғылым алтын қорына 40 ұстаздар әулеті енген. Олардың ішіндегі осы салада ең көп қызмет еткендердің ортақ еңбек өтілі – 650 жыл.