Осы жексенбі атом электр стансасын салу бойынша референдум өтеді. Осыған орай облыстық халық штабы жұмысын жалғастырып жатыр.


Бүгін штаб өкілдері «Коммунхоз Петропавл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. 50-ге жуық адам жиналған жиында АЭС салудың маңызы туралы айтылып, қызметкерлердің қойған сұрақтарына жауап берілді. Мұндай кездесулер ертең де өтеді. Негізгі міндет – Петропавл мен облыстың барлық тұрғындарына атом электр станциясы туралы толық әрі дұрыс ақпарат жеткізу.


ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ӨКІЛІ:

– Қызметкерлер құрылысты кім салады, қалай салады, қай жерде салады, құрылыстың біздің облысқа қандай салдары болады деген сұрақтар қойды. Әрине, саланың маңыздылығын бәрі біледі. Біз тек дұрыс ақпарат жүргізуге тырысамыз. Таңдау еркі өздерінде.