Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті 9 айды қорытындылады. Есепті кезеңде департамент тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай күйіне 13 талдау жүргізді. Мониторинг аясында денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы 29 мемлекеттік кәсіпорын қамтылды.


Нәтижесінде денсаулық сақтау басқармасына бірқатар медициналық ұйымдардың жарғыларына түзетулер енгізу арқылы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 4 нұсқама шығарылды. Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға бәсекелестікті дамыту және монополиясыздандыру бөлігінде тиісті заңнамаға түзетулер енгізу мәселелері бойынша 29 ұсыным жіберілді. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметі, көмір сату, жолаушылар көлігі, дәрі-дәрмек сату және басқа да салалар кіреді. Бұл ретте 14 ұсыным уәкілетті органдар тарапынан қолдау тапты.


АСЛАН ӘЛІППАЕВ, ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде Депаратменттің арнайы парақшалары бар. Сондай-ақ, телеграм каналында тұтынушылар арасында сауалнамалар, яғни «гипотетикалық монополист» тесті жүргізіліп отырады. Оның нәтижесі бойынша міндетті түрде қорытынды жүргізіледі. Есепті кезеңде монополияға қарсы органның қызметі мен өміріне қатысты 50-ден астам материал жарияланды.