Ұстаздық – ізгілікті мамандықтардың бірі. Жастар арасында кәсіптің осы түрін таңдағандар аз емес. Солардың бірі - Марина Мелихова. Ол Қызылжар Абай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етеді.

КСМ: Марина Мелихованың білім ордасында жұмыс істеп жатқанына 2 жыл. Ұлты – беларусь, бірақ қазақ тіліне жетік. Ауыл балаларына қазақ сыныптарында сабақ беріп жүр.


МАРИНА МЕЛИХОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

- Өзім қазақ мектебінде оқығандықтан, ортам да қазақтар болды. Кейін колледж, университетте де барлығы қазақша болған соң, қазір қазақша жұмыс істеуді жалғастырып отырмын. Мектепке келгенде бәрі таңғалып қарайды. Ата-аналардан да күмән болды, мен дұрыс оқыта алам ба оқушыларды, жоқ па. Бірақ дәлелдеп келе жатырмын оқыта алатынымды.Отбасымда да, бәріміз қазақша оқыған соң, өз арамызда да қазақша сөйлесеміз. Олар да мұғалімдер. Әпкелерім қазақ тілі мұғалімі, музыка мұғалімі. Олар да қазақша сабақ беріп жүр бүгінгі таңда.



Өз мамандығын сүйетін жас педагогқа әріптестерінің көзқарасы оң. Маман Петерфельд ауылының мектебіне арнайы шақыртумен келген.


АЯГӨЗ ЕРМАҒАНБЕТОВА, ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Өзіміз ол кісі біздің мектепке келгенін өте мақтан тұтамыз. Өйткені бірінші жылдан бастап «Дебют» деген конкурс болған. Байқау ауданда. Сонда қатысып, өзін көрсетіп, 2-ші орын алды. Бір жылдан кейін оны облыс бойынша бағалап 3-ші республикалық форумда жас мамандарға арналған онда да қатысты. Сол жерде жиналған 300 адамға мастер-класс берді. Ол да бір нәтиже деп ойлаймыз.


Биыл Марина Мелихованың шәкірті 3«а»-сынып оқушысы Ернар Әлкенов онлайн өткен республикалық Абай, Мағжан оқуларында 2-ші және 3-ші орындарға ие болған.


ЕРНАР ӘЛКЕНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Марина Анатольевна біз ұнайды. Ол бізге видеолар көрсетеді. Тапсырмалар орындаймыз. Жазамыз, оқимыз, қатысамыз олимпиадаға. Тақпақтарды жаттаймыз. (0:43-0:52) Марина Анатольевна бізге ұрыспайды. Бізге сабақтарды жақсы түсіндіреді. Мейірімді ол.


Марина Мелихованың шәкірттері ұстаздарын мақтан тұтады, мұғалімдеріне қарап бой түзеп, білім алып жатыр.