Жамбыл ауданы Айымжан ауылында медициналық пункттың құрылысы аяқталуға жақын. Мекеме 15 қазан күні қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Медициналық пунктте фельд¬шер кабинеті, емдеу және егу ка¬бинеттері болады.
Айымжан ауылында кейінгі 10 жылда медициналық мекеме болмаған. Басы ауырып, балтыры сыздаған ауыл тұрғындары қазір ауданға қатынауға мәжбүр. Сондықтан жаңа медициналық пункттің қолданысқа берілуін асыға күтіп жүр. Нысан «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.
МАНАС МАХАН, ҚҰРЫЛЫСШЫ:
- Қазіргі таңда барлық салыну жұмыстары бітті. Қазір әрлеу, ішкі жұмыстар. Құдай қаласа 15-не дейін бітіреміз ғой. 00 / 32 --++-- 00/35 есік, ішкі заттары, санузел, кафель бәрі толық біткен. Майда-шүйде жұмыстар қалды.
Құрылысқа 147 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазір 6 жұмысшы қалған жұмыстарды аяқтап жатыр. Қолданысқа берілгеннен кейін Ауыл халқына сапалы медициналық қызметтер қолжетімді бола түспек.
БАҚЫТ ҚАШАҒАНОВА ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Здесь проживает около. Бұл ауылда 200-ге жуық адам тұрады. Құрылыс жұмыстары биыл басталған. Медициналық пункт заманауи құрал жабдықтармен жабдықталады. Пайдалануға берілгеннен кейін 4 медициналық қызметкер жұмыс істейді.
Сонымен қатар Жамбыл ауданының Баян ауылында да медициналық пункт салынып жатыр. Ол мекеме желтоқсан айында қолданысқа берілмек.