АЭС-тің құрылысына қатысты референдумның өтетін уақыты да таяп қалды. Осы аптаның жексенбісі халық референдумға қатысып, таңдауын жасайды. Бүгін соған орай Петропавлдағы Шухов атындағы қалалық кітапханада кезекті түсіндіру және талқылау жиыны өтті.


Жалпыұлттық референдумда АЭС салу туралы шешім қабылданса, оның құрылысын Алматы облысы Үлкен ауылында жүргізу жоспарланған.

Қазақстан үлкен уран қорына ие және әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі. Мамандардың пікірінше, көмір электр станцияларына тәуелділікті азайту үшін энергия көздерін әртараптандыру қажет. АЭС-ті салу арқылы еліміз тұрақты және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етпек.


ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз адамдарға Қазақстан Республикасында АЭС салу қажеттілігін түсіндіреміз. Бізде электр энергиясының үлкен тапшылығы бар екенін бәріміз білеміз.Менің ойымша, еліміздің дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. АЭС-тің құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас бар. Десек те, соңғы уақытта қолдаушылар қатары көбейген сияқты.