Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған аудан кәсіпкерлері мен тұрғындары қатысты. Мұндағы азық-түліктің бағасы дүкендегіден 20-25 пайызға арзан.
Жәрмеңкеде картоптың 1 келісі 120 , ал 1 қабы 4500- теңгеден сатылды. Ал, сүттің литрі 250 теңге, айранның бағасы – 350 теңге болды. Сондай-ақ, сиыр етінің келісі 2300-ден, жылқы еті – 2800 теңгеден басталды.
ТАТЬЯНА УСТЬЯНСКАЯ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Біз жәрмеңкеге қолдың майын, сүзбесін, сүт, бал алып келдік. Картоп та бар еді. Ол бірден өтіп кетті. Адамдар таласып алды. Менің ойымша, ең арзан май бізде. 1 келісі – 4 мың тг. Ал балдың 1 литрі - 3 мың теңге тұрды.
Бескөл ауылының тұрғыны Гүлзейнеп Құрманғалиева – осындай жәрменкенің тұрақты сатып алушысы. Ол өзіне керектісін оңай тапқан.
ГҮЛЗЕЙНЕП ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Міне, бүгін жәрмеңкеге ерте келіп, ауылдан әкелінген жұмытрқаны алдық. Бағасы арзан екен. 3 мың теңгеге алдық. Сонда 1 қорабы (лоток) 1500 теңгеден болып тұр.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер жәрмеңкеде 7200-дана тауық жұмыртқасын сатуға шығарды. Айта кетейік, Қызылжар ауданында 5 ірі құс фабрикасы жұмыс істейді.
САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Біздің Қызылжар ауданын көбі біледі. Ауылшаруашылығы жағынан ең мықты аудандардың бірі. Осы жерде егін алқаптары бар. 18 сүт –тауарлы фермасы жұмыс істейді. Содан кейін, көптеген сиыр, қой өсіруге арналған жақсы жобаларымыз іске асып жатыр.
Жоспар бойынша күз бойы Бескөл ауылында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі апта сайын ұйымдастырылатын болады.