Өңіріміздің тағы бір даңқты тұлғасы жайлы кітап жарыққа шықты. Бұл жолғы туынды - еңбекке ерте араласып, елі үшін қызмет еткен Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылының тумасы Сұраған Есенеев туралы. Бүгін біртуар тұлға жайлы жарық көрген кітаптың тұсау кесеріне еліміздің түкпір-түкпінінен қонақтар келген.


Сұраған Есенеев - 1928 жылы Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылында туған. Еңбекке жас кезінен араласқан жерлесіміз кең пейіл, ашық-жарқын әрі жаны адалдықты сүйетін адам болған екен. Сондықтан дара тұлға жайлы жарық көріп отырған кітап «Еңбегі елдің есінде» деп аталады. Туынды қызы мен күйеубаласының бастамасымен жарыққа шыққан.


ӘБУТӘЛІП ӘМІР, С.ЕСЕНЕЕВТІҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

- Бүгінгі шара 2 бөлімнен тұрады. Алғашқысында сол кісінің әріптестері, бауырлары мен балалары және жолдастарының жылы лебіздері мен естеліктері жинақталған кітап. Кітап «Еңбегі елдің есінде» деп аталады. Кітап 3 бөліктен тұрады. Екінші бөлімінде жас кезінлдегі суреттер, ал келесісінде балалары тамырын білім жүрсін деп шежіресі жазылған. Шараның екінші бөлімінде мешітте ас беріледі.


Сұраған Есенеевтің артында 15 баласы қалды. Күйеу баласы Әбутәліп Әмір 7-ші қызын алып отыр. Өзінің жарыққа шыққан бірнеше кітабы бар.


ӘБУТӘЛІП ӘМІР, С.ЕСЕНЕЕВТІҢ КҮЙЕУ БАЛАСЫ:

- Біздің өзіміздің баспаханамыз бар. Сол мүмкіндікті бекер жібермейік деп 7-8 айдың ішінде материалдар жинадық. Шынын айтсақ, оны жинау өте қиынға соқты. Оны білген кезде,жинау жұмысын 10-15 жыл бұрын бастайтын едік. Сонда кітап әлдеқайда жақсы шығар еді.

Сұраған Есенеев Аққайың ауданы Амангелді ауылында №2 басқармасының бастығы болған. Сол кезде көп жылдар бойы елді мекеннің гүлденіп, көркеюіне зор еңбек сіңірді. Атқарған қызметінің арқасында ауыл тұрғындарының мәңгі есінде қалды.


ЖҰМАШ СЕЙПИЕВА, С.ЕСЕНЕЕВТІҢ АУЫЛДАСЫ:

 - Ағамыз өте жақсы адам болды. Ауылдың адамдарына өте жайлы, тиышты еді. Ешкімді ренжітпейтін. Сондай қадірлі жан болды. Тәтеміз де өте жақсы адам болды. 15 баланы өсірді. Соңғы жылдаы почтада істеді. Екеуі де қадірлі, ауылға сыйлы жандар еді. Өте зор еңбегі сіңді. Жаңа үйлер мен мектеп салынды.


Сұраған Есенеев туралы кітаптың тұсаукесірене еліміздің басқа да қалаларынан көзін көрген таныстары келіп, жерлесіміз жайлы естеліктерімен бөлісті.