Жыл сайын 28 қыркүйекте Қазақстанда атом саласы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Елде ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді, оның міндеті Қазақстан Үкіметінің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы саясатын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. Өңірде бұл саланың үздік мамандары да бар.


Атом саласының жетістіктері, болашақта атом энергетикасының шешуші рөл атқаратынын растайды. Сала маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтып, бізге сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет екенін атап өткен болатын.


АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Әр адам бұл энергияны күнделікті қажеттіліктер үшін алғысы келеді. Ал мемлекетке келсек, экономика мен өндірісіміз қуатсыз тоқтап қалмауы үшін қажет. Кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен энергетика саласына байланысты, онсыз біз алға жылжи алмаймыз.


Саланы дамыту үшін ғылыми зерттеулерді белсенді жүргізіп, дамыту, ғылыми-технологиялық база құру қажет. Онсыз бұл жоғары технологиялық және білімді қажет ететін саланың қарқынды дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Елде қажетті тәжірибе, отын-ресурстық базасы, дамыған ядролық инфрақұрылымы, маңызды ғылыми-техникалық әлеуеті мен кадрлық ресурстары бар, осының өзі-ақ атом энергетикасы саласын дамытуға орасан зор мүмкіндіктер береді. Маман Ерболат Қоянбаевтың айтуынша атом саласының табиғатқа зияны сіз бен біз ойлағандай емес.


ЕРБОЛАТ ҚОЯНБАЕВ, ҰЯО АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ядролық жылына көп емес жылына 1 ГГБ 50 текше метр ядроактивті материал шығады екен. Сіз мысал үйден мусор шығарасыз ғой. Семья үш адамнан тұратын болса, 2 күнде бір шелек мусор шығарады. 10 литр. Жылға щақсаңыз 1/8 текше метр мусор шығарады. 30 семья 1 подьездте тұратын, 50 куб мусор шығарады. Ал реактор бір жылдың ішінде сондай нәрсені ғана ақ шығарады. 


Атом өнеркәсібі бүгінде елдегі ең жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін және рентабельді сала. Мерекені заңнамалық деңгейде белгілеу фактісі қазіргі Қазақстан экономикасындағы атом саласының үлкен рөлін көрсетеді. Ресми түрде атом саласы қызметкерлерінің күні 2008 жылдан бері мерекеленіп келеді.


Зарина Кәп