Облыста 5 мыңнан астам жалғызілікті зейнеткер тұрады. Оның басым бөлігі – көмекке мұқтаж. Қарттар айлығында өңірде әсіресе тұрмыс жағдайы нашар, мүгедектігі бар егде жастағы адамдар назарға алынбақ.


Облыстық ардагерлер кеңесінің мәліметінше, қазір облыста 102 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Соның 44 мыңға жуығы Петропавл тұрғыны. 556 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді, сондай-ақ, 14 өңірлік ардагерлер кеңесі бар.


Мерекеге орай биыл өңірде облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ашық есік күнін өткізу жоспарланған. Зейнеткерлерді барынша қамтып, денсаулықтарын тексеруге, медициналық көмек алуға жағдай жасалынбақ. Қажет болған жағдайда, медициналық мамандар қарттардың үйлеріне де барады.Сондай-ақ мерекеге орай түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру да жоспарда бар. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыстар да өтеді.