Петропавлда республикалық халық штабының мүшелері де АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін № 3-ші қалалық аурухананың қызметкерлерімен осы тақырыпта жиын өтті. Энергия тапшылығын жою үшін әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Сондықтан бұл референдумға барлығымыз қатысуымыз керек деді республикалық халық штабының өкілі Владимир Витченко.
ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ӨКІЛІ:
- АЭС Қазақстан үшін қазір ауадай қажет. Сол себепті де осындай халық штабтары құрылып, бүкіл өңірде түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі іс-шарада айтқанымдай энергия тапшылығы мәселесін жоюымыз керек. Ал бұл атом электр станциясы салынатын болса энергия басқа өңірлерге де тасмалданатын болады.