Биыл жол желісіне жүргізілген ауқымды диагностика барысында 197,69 шақырым кепілдегі учаске және 1236 шақырым жол зерттелді. Нәтижиесінде өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың 131 шақырымына күрделі жөндеу қажет екені анықталды.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, диагностика жүргізуге жылжымалы жол зертханасы қолданылды. Бұл нысан заманауи арнайы қондырғылармен жарақтандырылған. Әр тексеріс алдында техника түзетуден өтеді. Диагностика барысында мамандар жолдың геометриялық параметрлерін, серпімділік көрсеткішін, еңістерді және жабынның басқа да ақауларын есепке алады. Сондай-ақ IRI халықаралық индексі бойынша жол тегістігі және көлік қозғалысының қарқындылығы тіркеледі. Барлық деректер бойынша GPS координаттар беріледі, бұл анықталған ақаулар мен жөндеуді қажет ететін жерлердің орнын дәл анықтауға мүмкіндік бермек.