Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде еңбек күні аталып өтеді. Біздің қоғамда еңбекқор адам, кәсіби маман қашан да құрметке ие. Айыртау ауданы Кирилловка ауылында 45 жыл бойы механизатор болып жұмыс істеген азамат тұрады.
Жұмаш Ғабдуллин – Айыртау ауданы, Қарасай батыр ауылының тумасы. Ол 1977 жылы әскер қатарына шақырылып, Украинадағы Чернобыль қаласына апаттың салдарын жоюға қатысады. Кейін 1979 жылы елге оралып, ауыл шаруашылығы саласында қызмет жолын бастайды.
ЖҰМАШ ҒАБДУЛЛИН, МЕХАНИЗАТОР:
- Әскерден кейін Борлыхат савхозында механизатор болып жұмыс істедім. Сонда комбайн, косемсот айдадым. Сосын Кирилловка ауылына көшіп келдік. Енді, осында әлі күнге дейін механизатор болып жұмыс істеймін.
Жұмаш Советұлы – осыдан 4 жыл бұрын зейнетке шыққан. Бірақ, үйде қол қусырып отыру оған мүлде тән емес. Жазда алқап басында жүрсе, қыста техникаларды жөндеп, егіс науқанына дайындайды.
ЖҰМАШ ҒАБДУЛЛИН, МЕХАНИЗАТОР:
- Жұмысқа сағат 7-де шығамыз. Кешкі 10-ға дейін. Кейде 11-ге дейін. Әбден ылғал тсүкенше жұмыста жүреміз. 05:44 Биыл көп жауын жауды. Бірақ, соның өзінде жақсы өнім алып жатырмыз. Оңды. Қазір шамамен 43 пайызын алыс тастадық. Енді Алла қаласа ауа-райы жақсы болса, бәрін уақытылы бітіретін шығармыз деп ойлаймын.
Жұмаш Ғабдуллин – «Еңбек ардагері» медальімен марапатталған. Ал, 2013 жылы «Құрмет» орденіне ие болған. Жалпы, үйінің төрінде барлығы 30-дан астам медаль ілініп тұр.