Өңірде шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан 50 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұл деректер облыстық ПД-нің 8 айдағы жұмысы қорытындыланған жедел кеңесте айтылды. Күн тәртібінде қылмыстың алдын алу және облыстағы көші-қон мәселелері қаралды. Пробациялық бақылауда тұрған адамдар жасайтын қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды.


Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов аумақтық бөлімшелердің бастықтарына бостандығы шектелген адамдарды тексеруді жеке бақылауға алуды, қасақана заң бұзушылықтар болған жағдайда шартты жазаны нақты жазаға ауыстыру үшін заңда көзделген шараларды батыл қабылдауды тапсырды. Тағы бір қаралған маңызды мәселе - халықтың көші-қоны жөніндегі жұмысқа жүргізілген талдау болды. Бұл солтүстік өңір үшін оның географиялық жағдайына байланысты ерекше маңызды мәселе.


Кеңес барысында Айдын Қабдұлдинов тәртіп сақшыларын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында қойған міндеттерді орындауға бағыттады. «Жол-көлік оқиғалары мен тұрмыстық, нашақорлық және интернет-алаяқтық қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ полиция жұмысының басқа да қоғамдық маңызды бағыттары бүкіл ел үшін ғана емес біздің өңір үшін де өзекті екенін атап өтті.