5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына еліміздің әр өңірінен делегациялар қатысып жатыр. Түркі әлемі көз тіккен ауқымды іс-шараға солтүстікқазақстандықтар да ат салысты. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға «Ботай - ұлы дала мәдениеті» атты көрме ұсынды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында «Ботай – ұлы дала мәдениеті» атты көрменің болуы тегін емес. Себебі, көшпенділер мәдениеті Ботай қонысынан бастау алды. Келушілер назарына облыстың музейлер бірлестігі бірегей жәдігерлерді ұсында.
ЕРКІН ШАЛКЕНОВ, СҚО МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біз қонақтарға «Ботай – ұлы дала мәдениеті» атты көрме ұсынып жатырмыз. Мақсат – еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі - «Ботай қонысы» археологиялық ескерткішін насихаттау. Соынмен қатар, обылсымызда 2019 және 2023 жылы Ботай мәдениетіне арналған симпозиум өткен болатын. Жұрт сондағы жиналған картиналарды да тамашалай алады.
Солтүстік Қазақстан облысы ұсынған этно-көрме қонақтардың қызығушылығын туғызды.
АҚБОТА БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, СҚО ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ:
- Менің артымда Ботай тайпасының қоныстық макеті көрсетілген. Және этнографияға байланысты мына жерде ер тоқымды көріп тұрсыздар. 01:33 Біздің мұражайда 1 және 2 Халықаралық суретшілер сипоизумы өткен болатын. Онда 8 елден келген суретшілер қатыссты. Біз сол суретшілерді Ботай қонысына апардық. Олар шабыттанып, осындай керемет туындыларды шығарды. Олар біздің музейге қойылды.
Облыстан барған делегация құрамында танымал өнер ұжымдары да бар. Бүгін этноауылда өңір өнерпаздары қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.