Қазір Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы бар. Оны шекаралас елдерден импорттамас үшін атом электр стансасын өзімізде салу ең дұрыс шешім деп мемлекет басшысы айтқан болатын.
Сондықтан бүгінде жастар ресурстық орталығы халыққа атом электр стансасына байланысты өтетін референдум жайында үгіт-насихат қағазын таратып жүр. Референдум 6-шы қазанда өтеді. Онда «Сіз Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген сұрақ бекітілді.
НИКОЛАЙ ЯЗЫКОВ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ:
- 6 қазан референдум өтетінін барлығымыз білеміз. Сондықтан осындай парақтарды таратып, қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрміз. Барлық қала тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз.