Облыс бюджетінен тұрақтандыру қорына 2,5 млрд теңге бөлінді
Биыл облыста әлеуметтік маңызы бар тауарларды тұрақтандыру қорына сатып алуға 2,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда, қорда 11 мың тоннадан астам өнім және 6 мыңға жуық жұмыртқа бар. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 тауар кіреді. Оның 14-і бойынша тұрақтандыру қорына өнім сатып алынған.
Өңірде өндірілмейтін қант, күнбағыс майы және күріш еліміздің басқа облыстарынан сатып алынады. Қалғаны – жергілікті тауарөндірушілердің өнімі. Қазір қысқа көкөністерден қор жиналып жатыр. Өнім «Радуга» ЖШС-нің қоймаларында сақталады. Азық-түлік тұрақтандыру қорының сауда орындарына күн сайын, супермаркеттерге аптасына 3 рет, ал сауда орындарына екі мәрте жеткізіледі. Ауылдық дүкендер де тұрақтандыру қорымен жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерік бөлімдері қабылдайды.