Отбасы күнін атап өтуге арналған апталық
Қазақстандықтар 10 жылдан бері бірлік пен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын білдіретін мерекені атап өтіп келеді. Атаулы мереке әр адамға отбасы туралы ойлануға, жақын адамдарына назар аударуға және қарым-қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты да осы.
«Amanat» партиясы мен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай іс-шара өтті. Оған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, педагог-психологтар және түйген ойымен бөлісуге көпбалалы аналар да келді. Жастыр жиналған қауымның тағлымды әңгімелерін тыңдауға мүмкіндік алды.
ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С,МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Бүгінгі іс-шарада отбасы, құндылықтар және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі тақырыбында әңгіме өрбітеміз. Ұрпақ мен ұлт тәрбиесі мен болашығы үшін маңызды мәселелер де қозғалатын болады.