Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуы тиіс. Ал, жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек», - деп айтты.
Жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтады. Жерді адал пайдаланған жағдайда ғана бар өндірісті жою мүмкін емес. Ауылдарды дамыту, елді мекендердің тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жұмыстары назарға алынған болатын.