Ризабек Айтмұқан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Испанияның Понтеверде қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатына Ризабек Айтмұқан топ жарды. Солтүстікқазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Ол финалда әзірбайжандық қарсыласын 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ризабек Аймұқан қазіргі таңда елімізде 20 жасқа дейінгі спортшылардың қатарында көш бастап тұр.
Жеңімпазды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы әлеуметтік желіде: «Ризабекты жеңісімен құттықтаймын. Келесі Олимпиадаға қатысуға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорттық жетістіктер тілеймін!, - деп жазды. Айта кетейік, солтүстісқазақстандық балуан бұған дейін ересектер арасында өткен күрестен әлем чемпионы атанған еді.