2 қыркүйектен бастап елімізде ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу басталды. Бұл - үй шаруашылығын зерттеу бағдарламасы. Балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін сауалнама жүргізіліп, ақпарат жиналады.
Қазақстанда мұндай MICS зерттеуі төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін ол 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Биыл Қазақстандағы MICS-тің негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығы мен жай-күйін бағалап, сенімді ақпарат алу.
ЖҰЛДЫЗ НҰРҒАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Әр сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін қамтиды. Барлық сауалнама бейінді мемлекеттік органмен келісілген. Мысалы, әйелдерге арналған сауалнамада жұмыспен қамту және оқыту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қамтылған. Әйелдерге арналған сауалнамада босану және босанғаннан кейінгі көмек туралы қосымша сұрақтар бар. Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнамада – ерте жастағы балаларды дамыту, балаларды тәртіпке келтіру, иммундау мәселелері. 5-17 жас аралығындағы балалар туралы сауалнамада балалар еңбегі, ерте дағдыларды дамыту мәселелері қамтылған.
Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту туралы ақпарат жинайды. Биылғы зерттеуде 20 өңірдегі 24 мың үй шаруашылығын қамту жоспарланып отыр. Зерртеуді интервьюерлер жүргізеді. Олар арнайы логотиптері бар киім киіп, бейдж тағады.
ЖҰЛДЫЗ НҰРҒАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Зерттеуді интервьюерлер жүргізеді – олар арнайы оқытылған ұлттық статистика бюросы департаменттің қызметкерлері.
Айта кетейік анонимді сауалнама 29 қарашаға дейін жүргізіледі. Оған қатысу немесе қатыспау азаматтартың өз еркінде. Респонденттер кез келген сұраққа жауап беруден бас тарта алады. Алынған ақпарат тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылады. Бұған қатысты толық ақпарат алу үшін 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады.