Бүгінгі таңда ел тұрғындарының басым бөлігінде несие бар. Бір емес бірнешесін арқалап жүргендер де аз емес. Осы орайда елімізде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыратын бастамалар жүзеге асып жатыр. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында облыста 4 мыңға жуық тұрғын білімін толықтырған.
Жоба борышкерлердің санын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған. Бүгінге дейін өңірде 3 мың 417 адам қаржылық сауатын арттырып үлгерді. Жоба аясында оқу курстары қалада ғана емес елді мекендерде де ұйымдастырылады. Оны 4 бизнес-сарапшы өткізеді. Жыл соңына дейін жалғасатын оқыту семинарынан 5500 адам өтуі керек деп жоспарланып отыр.
ДМИТРИЙ ШЛЕДЕВИЦ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САРАПШЫСЫ:
- Кеңес беру, жиын барысында қиын жағдайға тап болған тұрғындарды анықтаймыз және курстан өтіп жатқандардың арасында түрлі жағдайға тап болған жандар жетерлік. Көбі өз мәселелерін жасырып, қашқақтайды. Әрине, бұл дұрыс емес. Мәселені толық айтса ғана көмегімізді бере аламыз. Мәселені бастапқы кезеңде шешу керектігін, қиын жағдайдан шығудың жолы бар екенін айтамыз. Жалпы, жоба өз нәтижесін беріп жатыр.