Президент Жолдауын Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ұжымы мен студенттері де тыңдады. Айтқан басымдықтарға назар аударып, пікір білдірді.


Президент бұл Жолдауда елдің өткені мен бүгінін саралап, алдағы уақытта орындалуы тиіс міндеттер мен межелерді айқындады.


ЗӘУРЕ КАРТОВА, ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

- Бүгінгі жолдауда ең маңызды мәселесі ол 2024 жылы екі маңызды іс атқарылды. Біріншіден ол ұлттық қордан Қазақстан халқының балаларына есеп беру шоттарына аударылған қаражат. Бүгінгі таңда 7 млн отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Екінші мәселе ол халықтың мұқтажына, мүддесіне құлақ асатын мемлекет құру концепциясы. Биылғы жылы 5 жыл болды осы концепция іске қосылғанына, бұған президент ерекше тоқталды.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – экономиканың өсімін қамтамасыз етеді, инвестициялық тартымдылықты арттырады дейді мемлекет басшысы.


ЗӘУРЕ КАРТОВА, ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

- Жұмысшы мамандарға біз мұқтажбыз. Тапшы. Бірақ оған қарамастан жыл бойы арнайы осы кәсіби сфераға біз көптеген қаржы бөліп отырмыз. Расында бізде бакалавриат деген мәселе бар. Ол төрт жылдың ішінде оқу орынды бітірген колледжді бітірген балалар біздің оқу орнына келіп, 2 жыл оқып жоғары білім маманын ала алады. 


Жолдауда айтылған мәселелерге жастар да бейжай қарамайды. Әсіресе биыл қолға алынып, халық белсене қатысқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясын әлі де жалғай бермек.


КАРИМА ЖҮНІСОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕН:

- Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай біздің елде 5 пайыз ғана орман бар. Бұл өте кішкентай көрсеткіш. Менің мысалы достарым бар. Агрономия және экология мамандығында оқиды. Солармен осы мәселені талқылап сөйлессем жақсы болар еді. Бұл өте үлкен мәселе. Себебі өзіміз жұтатын ауа. Сол себепті осыған біз көңіл аударуымыз керек. Мысалы сол волонтерлік таза Қазақстан сондай программаларды ашып, көбірек істеуіміз керек.


Президент сондай-ақ табиғатты ластаған адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керектігін де жеткізді.


Зарина Кәп