Конституция күні қарсаңында «Ауыл» партиясының өкілдері дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушылар Ата Заңымыздың маңыздылығын атап өтіп, партияның жаңа мүшелеріне билет табыс етті. Жалпы "Ауыл" партиясының филиалында барлығы 4 мыңнан астам адам бар.
Жиынға қатысушылар Конституцияның әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы көп қырлы рөлі мен маңыздылығы туралы айтты.
ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ , АУЫЛ» ХДПП ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Бұл жердегі басты мақсатымыз Конституциядағы заңдарды әрбір адамға жеткізу. Себебі ол еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығының кепілдігі. Осы мақсатта әр адам конституцияға бағынатын болса еліміз тұрақты түрде дамитын болады.