Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 450 орын бар. Бүгінде оның тек 11-інде ғана тиісті рұқсат беру құжаттамасы бар. Петропавлдағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қазір «Қызылжар Тазалық» серіктестігінің қарамағында. Мұнда күніне орта есеппен 150 тонна тұрмыстық қалдық жеткізіледі.
Кәсіпорынның негізгі қызметі - қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ұстау және қызмет көрсету. Серіктестік табиғатты пайдалану нысандарының 1 санатына жатады және қоршаған ортаға айтарлықтай теріс әсер ететін объект есебінде.
АСХАТ МАПЕНОВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Петропавл қаласының қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1996 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Алып жатқан ауданы – 28 гектар. Жобалық қуаты – 1 488 671 тоннаны құрайды. Қолданыстағы экологиялық және қалдықтарды көмудің қалдық көлемін ескере отырып, пайдалану мерзімінің аяқталуы 2025 жылға дейін көзделген. Содан кейін бұл полигон рекультивациялауға жатады.
Қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны Петропавл маңындағы Шаховское ауылының жанында орналасқан. Кәсіпорын қатты тұрмыстық және қауіпті емес өнеркәсіптік қалдықтарды сақтауға және оқшаулауға арналған. Полигонға түсетін барлық қалдықтар тіркеу бақылау-өткізу пунктінде жүргізіледі.
ТАТЬЯНА КОВТУН, «ҚЫЗЫЛЖАР ТАЗАЛЫҚ» ЖШС ЭКОЛОГЫ:
- Қабылданатын қалдықтарды есепке алу салмағы бойынша тоннамен жүреді. ҚТҚ полигонында сұрыптау кешені бар. Онда пластик, кағаз, шыны қалдықтары сұрыпталады. Жалпы, жыл сайын жеткізілетін қоқыстың көлемі 53-62 мың тонна болса, күніне қаладан орта есеппен 150 тонна шығарылады.
Полигонда қалдықтардың өздігінен өртенуі – үлкен мәселе. Мысалы, биыл осындай 2 оқиға тіркелген. Экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын жауапкершілікке тартылды.