Петропавлда «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбы бойынша педагогтердің облыстық тамыз кеңесі өтті. Барлығы 10 секция жұмысына өңірдің 280-нен астам мұғалімі қатысты. Спикер болған 65 оқытушы өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады.


Қазір Қазақстанның алдында «әлемнің дамыған 30 елінің қатарына» кіру міндеті тұр. Сондықтан, түрлі салаларда , оның ішінде білім беруде әлемдік стандарттарға сай болу аса маңызды.


СНХ: РОЗА СӘРКЕН, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Облыстың 68 ден астам педагогі өз жұмысында білім беру процесінің тиімділігі мен сапасына қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктері мен құралдарды қосатын жасанды интеллектті пайдаланады.


СНХ: ӘСЕМГҮЛ ШАИМОВА, ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ:

- Біздің секциямызда жасанды интеллект бойынша сұрақтар қарастырды. Содан кейін, онлайн платформалармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы айтылды. Енді әріптестерім жан-жақтан келгендіктен әртүрлі сұрақтар туындады. Сол сұрақтарға жауап алып, тәжірибе алмастық.