Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында мемлекеттік қызметтердің дәстүрлі жәрмеңкесі өткізілді. Полицейлер мен мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және оларды электрондық форматта пайдалану перспективасы туралы кеңес берді.


Жәрмеңке көші-қон қызметі басқармасының операциялық залында өтті. Ұйымдастырушыларға бірден ондаған азамат жүгінді. Негізінен адамдарды жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу тәртібі және шетел азаматтарын тіркеу мәселелері қызықтырды. Барлық өтініштерге мамандар нақты жауап берді.

"Көші-қон қызметі басқармасынан мемлекеттік қызметтің 12 түрін алуға болады. 2024 жылдың 7 айында тек "Мемлекеттік корпорация" арқылы 95 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде-36244 Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру; 443-ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу; 3031-ҚР-да уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру бойынша", - деп атап өтті көші-қон қызметі басқармасы бастығының м.а. Ермек Нұсұрбаев. Жалпы, СҚО ПД аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтің 33 түрін ұсынады. Осы жылдың 7 айында жалпы полицияның қатысуымен азаматтарға 130551 мемлекеттік қызмет көрсетілді.