Облыста 46 астық қабылдау пункті бар, олардың сыйымдылығы 3,2 млн. тоннаны құрайды. Ал ауыл шаруашылығы құрылымындағы нысандарды қоса алғанда, облыс бойынша сыйымдылық 6,9 млн. тонна. Қазіргі уақытта облыстың астық қабылдау кәсіпорындары материалдық-техникалық базаны дайындау үстінде. 10-15 тамыз күндері барлық элеваторлар жаңа бидайды қабылдай бастамақ.


Жиым-терім науқанынан жеткізілетін дақылдарды қабылдауға «Alem Astyk Export» ЖШС сақадай сай . Серіктестіктің қоймасының сыйымдылығы 121 мың тонна. Астықты кептіретін барлық құрылғылар жаңартылған. Элеватор дәнді және майлы дақылдарды сақтайды. Сонымен қатар өнімді Қытай, Ресей, Өзбекстан, Ауғаныстан, Еуропа мемлекеттеріне экспорттайды.


НҰРЖАН ДӘУІТОВ, «ALEM ASTYK EXPORT» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күнге элеватор толықтай дайын... Біз тек ғана дәнді-дақылдарды қабылдамаймыз, оның майлы дақылдарда бар. Расп, лен...