СҚО балық шаруашылығына жарамды 589 көл бар. Оның 315-і қолданысқа берілсе ал 274- резервте тұр. 2021 жылдан бастап мемлекет балық шаруашылығын дамытуға бағыт алды, соның нәтижесінде өңірдегі балық өндірісінің көлемі 147%-ға артқан.Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы өңірлік коммуникациялар алаңында айтты
2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 1428 тонна балық өсірілді. Балық шаруашылығына қолайлы су айдындарының санын ұлғайту міндеті тұр. Биыл жергілікті бюджеттен 62 жаңа су айдынын зерттеуге 19 млн теңге бөлінді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, өңірімізде 2030 жылға қарай балық өндірісін 10 мың тоннаға дейін жеткізу мақсаты тұр.
БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Айта кету керек, біздің облыста үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, солардың бірі Қызылжар ауданында салынып жатқан «Север Монтаж Автоматика» ЖШС бекіре балық өсіру кешені. Оның қуаты жылына 25 тонна. Мамлют ауданында 2025 жылға дейін қуаты 50 тоннаға жететін балықты өңдеу және консервілеу нысаны бой көтермек. Ал, Мамлют ауданында қуаттылығы жылына 20 тоннаға дейін жететін форель шаруашылығы ашылмақ.