Василий Коноплев - солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс қаламы қарымды жазушы, ақын, публицист әрі журналисттік қыры да бар. Ол түрлі жанрдағы 10 кітаптың авторы. Шығармашыл жан бүгін өңірімізге келіп, қаламгер замандастарымен кездесу өткізді.
Қаламгердің құрметіне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада дөңгелек үстел өтті. Онда Василий Коноплевтың замандастары, ақын-жазушылар жиналып, өткенді еске алып, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Іс-шараға орай тұлғаның кітаптары қойылған көрме де ұйымдастырылған.
ВАСИЛИЙ КОНОПЛЕВ, АҚЫН-ЖАЗУШЫ:
- Оқырмандар арасында менің шығармаларыма қызығушылық бары қуантады. Түрлі жағдайларға байланысты мен қазір Қазақстанда емеспін. Қазір әлемді аралап жүрмін. Десе де, саяхаттау менің шығармашылығыма кедергі келтіріп жатқан жоқ. Жазуды тоқтатқан жоқпын. Бүгін мен таныстарым мен достарыма өзімнің жаңа өлеңімді оқып бермекпін.