Облыста заңсыз аңшылық құрған ер адам екі жыл бойы жазаланбаған. Сібір елігін ату фактісі 2022 жылы анықталған. Бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Жануарлар әлеміне келтірілген залал болса 1млн 200 мың теңгені құрады. Алайда қылмыстық қудалау органы залалды өтеу және заңда белгіленген жауапкершілікке браконьерді тарту жөніндегі шараларды 2 жыл ішінде қабылдамаған.
Прокуратура заңсыз тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп – тексерудің күшін жойып, тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз етті. Кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір мезгілде прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган 1,2 млн теңге сомасында жануарлар әлеміне келтірілген залалды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2024 жылғы 12 шілдеде аудандық сот зиянды өтеу туралы талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.