Петропавлда учаскелік инспекторлар мен коммуналдық қызметкерлер абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. Учаскелік полиция инспекторлары Петропавл қаласы мен облыс аудандарында түсіндіру жұмыстарын жалғастырған. Жуырда қалалық құқықтық тәртіп сақшылары «Коммунхоз» ЖШС мамандарымен бірлесіп облыс орталығының Кирпичный шағын ауданындағы жеке сектор тұрғындарымен кездесті.


Петропавл қаласы полиция басқармасы учаскелік инспекторларының күшімен абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша, оның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүйелі түрде рейдтер өткізіледі. Жыл басынан бері облыс орталығында абаттандыру ережелерін бұзудың 3352 дерегі анықталды. Тәртіпті нығайту және Петропавл тұрғындары мен қала қонақтарының санитарлық салауаттылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлескен рейдтер жандандырылды.


ДЕНИС СОЛОХА, ПЕТРОПАВЛ Қ. УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Петропавл қ. аумағында абаттандыру ережелерінің бұзылуы жиі тіркеледі. Айталық қала тұрғындары белгіленбеген жерлерге, қоқыс контейнерінің сыртына құрылыс қалдықтарын қалдырып кетіп жатады.Осылайша абаттандыру ережелерін бұзады. Бүгін «Коммунхоз» ЖШС қызметкерлерімен бірге Кирпичный ықшам ауданын аралап, тұрғындарға қоқыс шығаруға келісімшарт жасауды ұсынады. Осының барлығы қаламыздың тазалығын сақтауға және абаттандыру ережелерін сақтауға бағытталған.


Кирпичный шағын ауданы жеке секторындағы рейд барысында жұмыс тобы үй иелеріне қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және орналастыру, ақылы қызмет көрсету бойынша «Коммунхозбен» шарт жасасу тәртібі туралы түсіндірді. Бір жарым сағаттық рейдтің қорытындысы бойынша шағын аудан тұрғындары осындай шарттарды ресімдеуге 5 өтінім берді. Мамандардың айтуынша, барлық ниет білдірушілер «Коммунхоз» ЖШС-мен тікелей байланыса алады. Учаскелік инспекторлар мен коммуналдық қызметкерлердің бірлескен жұмысы жалғасады. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталанса жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады