Өңір басшысы Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылына барды. Ғауез Нұрмұхамбетов елді-мекендегі мектепті, су тасқынан зақымданған үйлердің жөндеу жұмыстарын көрді. Сондай ақ Серебренный бор жазғы сауықтыру лагерінің жағдайыменде танысты. 


Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылында 900-ге жуық адам тұрады.Көктемгі су тасқыны кезінде бұл елді-мекендегі 321 үй зақымданды. Олардың қатарында Надежда Крутскихтің баспанасы да бар. Надежданың айтуынша, Тайынша ауданынан келген мехбригада үйді қалпына келтіріп жатыр. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов атқарылып жатқан жұмыспен танысып шықты.


Сметалық құжат бойынша баспананы қалпына келтіруге 5 млн 800 мың теңге бөлінген.


Бұл үйді жөндеуге Тайынша ауданының механикалық бригадасы 25 мамыр күні кірген. Олар Болшая малышка ауылындағы 24 үйге жауапты.


МИРАС БУКБАЕВ, «БУКБАЕВ» ЖК ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жерде басынан бастап аяғына дейін еденін ауыстырдық. Үйдің ішіне жылы еден орнаттық. Сыртқы жұмыстар болды. Электриканы да ауыстырдық.Барлық обой, линолиум барлығын орнаттық. 


Ал бұл Николай Машкиннің баспанасы. Қазіргі таңда ауыл тұрғыны үйді өз күшімен қалпына келітіріп жатыр. Ғауез Торсанұлы жөндеу жұмысымен танысып шықты.


Бұдан кейін өңір басшысы елді-мекенде салынып жатқан Фельдшерлік-акушерлік пунктке келді. Жоба құны 203,3 млн теңге. Құрылыс мамыр айында басталған. Бас мердігер компания «Севимсталькон» ЖШС.


СҰЛТАНБЕК ГАЗДИЕВ, «СЕВИМСТАЛЬКОН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- 20 мамыр күні келісім шартқа қол қойдық. Бірақ құрылысқа 1 айдан кейін кірістік. Себебі ауылдың ішінде су тұрды.Қазір сіз көріп отырған жерде ағаштар өсіп тұрған, олардың барлығын сырдық. Жерді қазған кезде ескі балабақшаның іргетасы шықты. Оның ішінде су тұр екен. Барлығын алып тастап кептірдік.Қазір іргетасын көтеріп жатырмыз.


Ғауез Нұрмұхамбетов кейін Большая малышка орта мектебіне барды.Білім ордасы су тасқыны кезінде зақымданған. Қазір спорт залы мен асхана жөндеуден өтіп жатыр.


Келесі нысан Серебренный бор жазғы сауықтыру лагері. Аймақ басшысы лагердің қазіргі жағдайымен танысты. Су тасқыны кезінде демалыс орнын су басқан. Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір лагерь балаларды қабылдауға дайын.


ҒАФУРА БӨСТЕКОВА, «СЕРЕБРЯНЫЙ БОР» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің лагерь барлығымен қамтылған. Асхана бар, душ орнатылған, ойын алаңдары да бар. Басында су мәселесі болды. Қазір оны да шештік. 


«Серебренный бор» жазғы сауықтыру лагері қазіргі таңда 80 баланы қабылдай алады. Тамыз айында лагерь екі мауысым жұмыс істемек.