Шал ақын ауданындағы «Аю-тас» балалар лагері биыл 5 маусым бойы жұмыс істемек. Бұл жерде тек Шал ақынның ғана емес, көршілес аудандардың балалары да демалып, жазғы уақытын тиімді өткізеді. Бүгінге дейін мұнда 650 бала демалды.


«Аю-тас» лагері Шал ақын ауданындағы жалғыз сауықтыру орны. Лагерь 750 балаға шақталған. Қазіргі уақытта 650 ге жуық оқушы демалып үлгерген. Биыл лагерь ұжымы балаларды 5 ауысымда қабылдамақ.


ЗАҒИПА СӘДУАҚАСОВА, «АЮ-ТАС» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бізде әр ауысым сайын балаларға түрлі қызықты бағдарлама әзірленеді. Біріншісінде дебат болса, қалған үшеуінде шығармашылық ойындар болды. Енді лагерге демалуға келген оқушыларға түрлі спорттық бағдарламалар ұсынатын боламыз. Өңірдегі табиғи апатқа байланысты біздің сауықтыру лагерімізде қазір тасқыннан зардап шеккен ауданның балалары демалып жатыр. Жалпы жыл сайын, Уәлиханов пен Ақжар, Тимирязев ауданының балалары демалуға келеді.


Сауықтыру лагерінде қазір демалып жатқан балалардың көбі былтырғы жазын да осы демалыс орнында өткізген екен.


- Бәрі күшті, тема. Келіңіздер осы «Аю-тас» деген лагерьге.

- Условия бәрі күшті, тамақтары күшті. Күніне 6-5 тамақ береді. Ойындары күшті. Апай, ағайлар күшті.

- Лагерьға мен уже 4 жыл барып жатырмын. Тамақтары бәрі күшті, ойындары, дискотека. Сценкалар қоямыз.


«Аю-тас» лагерінде демалушылар үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері «Өнер фест – 2024» ұлттық өнер фестивалін өткізген. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі этностардың әндерімен, ойындарымен және билерімен танысты. Ең белсенді балалар Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.


ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА - «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

ауд. Бүгін лагерьге татар этномәдени орталығының өкілдері келді. Олар балалармен татар халқының ұлттық ойындарын ойнайтын болады. Ассамблея белсенділері оқушыларға биден шеберлік сабағын да дайындап келді.


Айта кетейік, 2 тамыз күні «Аю-тас» лагерінде 5-ші маусым басталады.