Негізгі Жаңалықтар Сергеевкада жолдар жөнделіп жатыр

Сергеевкада жолдар жөнделіп жатыр

Шал ақын ауданының орталығында жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осы мақсатқа 504 млн теңге бөлінді. Жауапты мамандардың айтуынша жыл соңына дейін барлығы 7 км жолды асфальттау жоспарланған.


Сергеевкада автомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Өткен жылы ұзындығы 1500 (мың бес жүз) метр болатын екі көшеге асфальт төселген. Енді, биыл 7 км-ден асатын тас жолды асфальттау жоспарланған.


ЕРҰЛАН ҒАБДУЛЛИН, СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл бізге республикалық бюджеттен 504 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта біз Молодежная көшесінде тұрмыз. Оның ұзындығы екі мың метр. Бұл қиыршық тас жол. Бұл көшеге қиыршық тастар және қалыңдығы 6 см болатын ұсақ түйіршікті асфальт төселген.


"Ритм" ЖШС мердігерлік ұйымы іске мамыр айының ортасынан бастап кіріскен. Қазір олар Молодежная көшесінде ұзындығы 2 км болатын жолды жөндеп болды.


ГРАЧИК МАРЕМКОЯН, «МАРЕМКОЯН» ЖК ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл көшеге қиыршық тас, содан кейін асфальт төселеді. Қалыңдығы 6 см болуы керек. Техникалық тұрғыдан қадағалайтын мамандар бәрін тексерді. . Асфальт төселді, құбырлар қойылды. Жол белгілері де орнатылды.


Жол сапасын бақылауды техникалық бақылау мамандары тексерген. Барлық жұмыстар стандартқа сәйкес орындалған.


ҒАЛЫМБЕК МАХМЕТОВ, «АРЕТМИДА СНАБ» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ САРАПШЫСЫ:

- Жоба бойынша мұнда 6 см қалыңдықпен асфальт төселген. Алайда, кейбір жерлерде 6 жарым 7 сантиметрге дейін қалыңдады. Яғни, мердігер компания жобаға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, жол төсемінің ені де сәйкес келеді. Жоба бойынша Молодежная көшесінің ені 5 метр болуы тиіс. Ал, жұмыс барысында 5 метрден асып та кетіп жатты.


Айта кетейік, Сергеевка қаласы бойынша Ибраев, Котов, Күлеке батыр және Аютас тұйық көшелеріне де жол төселеді деген жоспар бар.


ЕРЛАН ЖҰМАХАН


Бөлісу