Өткен демалыс күндері жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Петропавлда экологиялық іс-шара өтті. Оған жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, волонтерлер және қала тұрғындары қатысты. 


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, өңір тұрғындары мен волонтерлік ұйым өкілдері Интернационал және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан алаңды күл-қоқыстан тазартты. Оған барлығы 70 ке жуық адам қатысты.


АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мемлекет басшысының бастамасымен әр өңірде "Таза Қазақстан"акциясы жүріп жатыр.Бүгін бізде тазалық іс-шарасына қатысып отырмыз. Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, еріктілер әрқашан бұндай акциярларды қолдайды. Біз бұл арқылы жастардың арасында тазалық пен қоршаған ортаға деген сүйспеншілікті насиххатаймыз. Жалпы бүгін бізде үш локация тұр. Олардың барлығын қоқыстан тазартамыз.


Экологиялық іс-шараға қатысып жатқан жандардың бірі Әлфараби Мыңбай. Оның айтуныша қаланы таза ұстау әр тұрғынның міндеті.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ВОЛОНТЕР:

- Таза Қазақстан ол біз үшін керек. Еліміздің тазалығы сондықтан әрбір отандасымызды, елін сүйетін азаматтарға айтатынымыз айналыңызды таза ұстаңыздар. Қоршаған ортаны таза ұстасақ ол жерде бақыт, береке болады.


Айта кетейік, сонымен қатар экологиялық акция аясында Уалиханов-Айыртау көшелерінің бойында орналасқан алаң қоқыстан тазартылды. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері Петропалвдан барлығы 230 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Іс-шараға орта есеппен 3000-нан астам адам қатысты.