ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында мәселелер бойынша өтінім берудің жаңа сервисін әзірледі. Енді еліміздің әрбір жанашыр тұрғыны проблемалық жерді суретке түсіріп, орналасқан аумақты көрсетіп, егжей-тегжейлі сипаттап телеграм-чат-ботына жүктей алады. Тағы жол, саябақ, кіреберіс, жарықтандыру, абаттандыру, қоғамдық және аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік бар. Әрі қарай операторлар өтінімді құзырлы орган өкілдеріне жүктейді. Мақсат – экомәдениетті қалыптастыру.
АЙНАШ ҚОЙШЫБАЕВА, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс тапсырманың уақыты автоматты түрде белгілейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы фотосурет, қажет болған жағдайда түсініктеме береді. Кері байланыс ретінде пайдаланушылар орындаушыны тағайындау және жұмысты аяқтау туралы хабарламаны тікелей телеграм-чат-ботқа салады.