Облыс орталығында балалар арасында «JUNIOR CUP» турнирі басталды. Дәстүрлі фестивалге тек еліміздің ғана емес көрші Ресей мемлекетінің Омбы, Корған, Новосібір қалаларынан келген командалары да қатысып жатыр. Биыл турнирге қатысуға ниет білдіргендер саны едәуір артқан. 750-ге тарта бала жастар стадионында жиналды.


«JUNIOR CUP» турнирі дәстүрлі. Биыл үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Алғаш фестивалді ұйымдастырғанда облыс орталығында бар болғаны 22 құрама жиналған болатын. Биыл олардың саны 48-ге жеткен.


РАЙЫМБЕК ТҰРҒЫНБЕКОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- 13 қаладан 750 қатысушы. 2014 жылдан бастап, 2018 жылға дейінгі балалар қатысып жатыр. Жыл сайын команда саны көбейіп жатыр. Жылдан жылға көбейіп жатыр қатысушылар саны. Өте үлкен қызығушылық балаларда осы турнирге.


Турнирдің жаңа маусымында тағы бір ерекшелік бар. Енді кейбір ойындар ютубта тікелей эфирде көрсетілеДІ. Фестивалге Ресейден 10-нан астам құрама келген. Сондай-ақ, Қостанай, Тараз Астана, Көкшетау, Қарағанды және Петропавл қаласының футболшылары ойнайды.


АСАНӘЛІ БАЗАРБАЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Менің жасым 9-да. Мен футболмен 4 жыл айналысамын. 5 жасымнан бері. Маған футбол спорты өте қатты ұнайды. Себебі футболда өте қатты жүгіру керек, допты тебу керек. Сол себепті маған футбол ұнайды.


ӘЛІМЖАН БАҚЫТТЫ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Мен Тобол футбол клубында ойнаймын. Менің арманым өте жақсы футболист болу. + Үш жыл қатыстым. Мен осы тоболда бір жыл болды. Уже күшті ойнаймын.


ЕРНАР АҚТАЙ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Жарыс бәрі жақсы. Мен бір жыл футболға барамын. Көп дайындалдық. Менде көп армандар болды футболда. Бірінші орын алуға. Ең күшті футболист болу арманым бар. Ең сүйікті футболистім ол – Роналдо. Мен Рональдоға қарап футболға бардым.


«JUNIOR CUP» турнирі 3 күнге созылады. Фестиваль соңында қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды. Жеңімпаздар кубок, медаль, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарға ие болады.