Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді. Өзгерістер шілде айынан бастап күшіне енді.
Атап айтатын болсақ, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Ұрып-соғу» сияқты құқық бұзушылықтар үшін енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұрын заң бұзушылар тек 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатын. Енді 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынып, екі жыл бас бостандығынан айырылады.
АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ ИНСПЕКТОРЫ:
- Өзгерістер заңды күшіне енгізілгенінен бастап, облыс аумағында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің 119 фактісі және ұрып-соғудың 6 фактісі тіркелді. Бүгінгі күні денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша 3 қылмыстық іс соттарға жіберілді, олар қаралуда.