Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында механикалық бригадалар су тасқынынан зақым келген үйлерді жөндеп жатыр. Аққайың ауданынан келген мамандар 3 мамырдан бері жұмыс істеуде. Олар елді мекендегі 221 үйге жауапты.


Аққайың ауданынан келген мехбригада құрамындағы 60 адам Прибрежное ауылындағы үйлерді жөндеп жатыр. Мұндағы 30 дан астам үй тұруға жарамсыз деп танылған. Бүгінде бұл үйлер бұзылып жатыр.


РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биылғы жылы су тасқынынан кейін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша біз Аққайың ауданы 7 бригада құрдық. 60 адам. 04:26 Бүгінгі күні 2 экскаватор, 2 погрузчик, 5 самосвал жұмыс жасап жатыр. 05:48 Енді техникамыз бар, адам ресурсымыз бар, құрылысшыларымыз бар көбісі Алматы облысынан келген. Ешқайда мәселе жоқ жұмыстардың барлығын 1-ші тамызға дейін аяқтаймыз.


Прибрежное ауылының тұрғыны Тамара Швицованың үйі тасқын кезінде толықтай су астында қалған. Қазір баспананы қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Аққайың ауданынан келген механикалық бригада үйдің еденін толық ауыстырып, жаңа терезелер орнатқан.


ТАМАРА ШВИЦОВА, ПРИБРЕЖНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Барлық жұмысқа көңілім толады. Механикалық бригада үйдегі едендерді ауыстырды, енді төбелерді жөндеп жатыр. Содан кейін есіктерді орната бастайды. Үйімді істеп жатқан адамдарға ризамын. Осы аптаның соңына дейін баспанамды жөндеп бітіреміз деді.


Айта кетейік Прибрежное ауылынан осы күнге дейін 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.


Дариға Қуаныш