Өңірде балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлау оқиғалары азаймай тұр. Биыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жоғарыдан құлап, ауыр жарақаттанған 6 бала жеткізілді.


Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 пайызға көп. Биыл биіктіктен құлаған балалардың екеуі 5 жасқа дейін болса, қалғаны 10 мен 18 жас аралығындағы жасөсіпімдер болған. Олар ауруханаға миы шайқалып, аяқ-қол, иық сүйектері және омыртқасы сынып түскен. Дәрігерлер балалардың бәрін аман алып қалды.


АСЫЛХАН ЖАҒЫПАРОВ, СҚО КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАРАҚАТ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бала үйде болған кезде ата-аналар мұқият болулары керек. Көзді ашып жұмғанша бала құлап, жан тапсыруы мүмкін. Сондықтан, терезедегі сетканы мықтап орнату керек. Арнайы қорғаныс жағдайлары орындалуы керек. Жиһазды да терезеге жақын қоюға болмайды.