Өңірде су тасқыны кезеңінде ауыз судың жетпеуі өзекті мәселелердің бірі болды. Жүздеген ерікті халыққа қол ұшын созып, шешім іздеді. Осы сәтте жергілікті кәсіпкерлер де қарап қалмады. Мәселен Петропавлдық Диас Назмутдинов табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға тіршілік нәрін жеткізген. Азамат бірінші кезекте эвакуациялық пунктерге, кейін білім ордалары мен денсаулық сақтау орындарында болған. Барлығы 600-ден астам тұрғынды ауыз сумен қамтамассыз етті.


Диас Назмутдинов бірнеше жыл бұрын су жеткізу компаниясында жұмыс істеген. Қазір жеке кәсібі бар. Ігі іске тек өзі ғана емес, бизнестегі әріптестерінің де ат салысқанын айтады. сондай-ақ, қаладағы газель жүргізушілері де белсенділік танытып, суды үйді-үйге жеткізуге көмектескен. «Қиын сәтте жұмыла әрекет еттік. Қолдан келген көмекті аямау – біздің азаматтық міндетіміз.» - дейді жеке кәсіпкерлік басшысы.


ДИАС НАЗМУТДИНОВ, «НАЗМУТДИНОВ Д. М.» ЖК БАСШЫСЫ:

- Табиғи апат салдарынан тұрғындар қиын жағдайға тап болған сәтте бірден іске кірістік. Астанадағы серіктестерімізге қоңырау шалдық. Олар күн-түн демей суды жүк көліктеріне тиеп, бізге жеткізді. Негізі оған дейін кәсіпкерлермен қажетті қаражатты жинаған болатынбыз. 1 млн теңгеге жуық ақша жиналды. дегенмен ол жетпеді. кейін әлеуметтік желіге бейнежазба жүктедік. 100 теңге, 100 мың теңге жібергендер болды. Айта кету керек, тағы көлік компаниясы да көмектесті. Астанадан Петропавлға суды солар жеткізіп берді.