Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер өңіріміздің ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Жергілікті серіктестіктер облысымыздың қазынасына мол табыс әкеліп ғана қоймай елді-мекендерді көркейтіп, жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандар салып жатыр.
Өткен жылы облыста 9 тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Соның бірі Шал Ақын ауданында орналасқан - «ZHA-GROUP LTD» ЖШС. Олар дәнді, бұршақ және жемшөп дақылдарын өсірумен айналысады. Сондай-ақ сүт өндірісін де қолға алған. Өткен жылы Сергеевка қаласында тауарлы сүт фермасын салды. Оған “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 400 млн теңге сомасына несие алынған. Құрылысқа барлығы 3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.
ЖАНГЕЛДІ ЕСІЛБАЕВ, “ZHA-GROUP LTD” ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- 2,5 мың гектар егіс алқабымыз бар. Ол жерде әсіресе дәнді дақылдар өсіреміз. Басты мақсат сиырларға жем-шөп дайындау. Себебі біздің бағыт сүт өндірісі. Сиырлар симментал және голштин тұқымдас. Сүтті біз Көкшетау қаласына тасымалдап, сатамыз.
Өткен жылы ашылған жаңа тауарлы сүт фермасы қазіргі таңда Сергеевка қаласында 50 ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік сонымен қатар, егіс алқабы орналасқан ауылдық округтерге әрдайым қолдау көрсетеді.
ЖАНГЕЛДІ ЕСІЛБАЕВ, “ZHA-GROUP LTD” ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Біз ауыл тұрғындарына әрдайым қолдау көрсетеміз. Қысты күні арнайы техника жұмылдырып жолдарды қардан аршимыз. Сонымен қатар су тасқыны кезінде де тұрғындарға көмектестік.
Айыртау ауданында да жергілікті серіктестіктер ауылдарды көркейтіп жатыр. Солардың бірі «Әдемі Астық» ЖШС. Ол Прекрасное ауылында орналасқан. 3-4 жыл бұрын бұл елді-мекенде тек бір үй ғана тұрған. Қазір атына заты сай ауыл жанданып жатыр. 2021 жылы 1,6 млрд теңгеге тауарлы сүт фермасы салынған болатын. Қазір серіктестік 52 адамды жұмыспен қамтып отыр.
АЛЕКСЕЙ ГОРОДЕЦКИЙ, «ӘДЕМІ АСТЫҚ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- 5 мың гектар жеріміз бар.Оның бір жарым мың гектары шөпке арналған. Біз мың гектарға жүгері, 600 гк арпа, қалғанына бидай егеміз. Айына жұмысшыларға жалпы 8 млн теңге төлейміз. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 22 үй салдық, жылу, су бар. Бұған дейін әлеуметтік желіде өңіріміздің аграрийлері, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері ауылдарды дамытпайды деген видеоның желдей ескенін көрдім. Бұл жалған. Барлық серіктестіктер өздерінің елді мекенін дамытуға, түйтікілді мәселелерді шешуге тырысады.
Серіктестік жас мамандарды да өздеріне тартып жатыр. Виталий Букетаев «Әдемі Астық» ЖШС жұмысқа ақпан айында орналасқан. Жамбыл аудының тумасы. Мамандығы - бас технолог.
ВИТАЛИЙ БУКЕТАЕВ, «ӘДЕМІ АСТЫҚ» ЖШС БАС ТЕХНОЛОГЫ:
- Ауыл жаңадан ғана жанданып келеді. Үй мен көлік берді. Барлығы көңілден шығады. Отбасым әлі Жамбыл ауданында. Жұмысым қиын емес, бізде барлығы автоматтандырылған.
Әйгерім Әлімжанова Айыртау ауданы, Прекрасное ауылына Астана қаласынан көші- қон бағдарламасы бойынша қоныс аударған. Айтуынша барлығы көңілден шығады. Тегін жаңа баспана. Еңбекақы да уақытылы төленеді.
ӘЙГЕРІМ ӘЛІМЖАНОВА, ПРЕКРАСНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Қазір жақсы жағдайымыз, үй орталық жылу қазандығына қосылған. Жұмыс бар. Күйеуім механизатор болып жұмыс істейді. Мен өзім еден жуамын.
Ғабит Мүсірепов ауданында да серіктестіктер жергілікті елді мекендерді дамытуға өз үлестерін қосуда. Оған мысал «Возвышенка СК» ЖШС. Қазіргі таңда Возвышенка ауылындағы жағдай – тура қаладағыдай. Елді-мекен орталықтандырылған су және газ жүйесімен қамтылған.
ЮЛЬЯ ОБУХОВА, ВОЗВЫШЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Мен бұған дейін 10 жыл Көкшетау қаласында тұрдым. Сосын осында көшіп келдім. Бұл жерде менің ата-анам бар. Жұмысқа орналастым. Барлығы ұнайды, ауылдағы жағдай қаладан кем емес.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі орынбасарының айтуынша, «Возвышенка СК» ЖШС халықтың ауылда қалуы үшін барлық жағдайды жасауда.
ЕРЛАН ӘДІЛБЕКОВ, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қазір Возвышенка СК ЖШС ауылда 25 үй салды. Баспана тегін. Жалпы ауылда өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Футбол алаңы салынды, жолдар жөнделуде. Жаңа ФАП құрылысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар Возвышенка СК ЖШС Березовка ауылында 1800 бас сиырға шақталған тауарлы сүт фермасының құрылысын бастады. Ол жылына 20 мың тонна сүт өндіретін болады. Жоба құны 7 млрд 460 млн теңге. Сонымен қатар қазіргі уақытта Қызылжар ауданынына қарасты Петерфельд ауылдық округі де күннен-күнге көркейіп келеді. Оған қарасты 7 ауыл бар. Бүгінде Петерфельд ауылдық округінде 3 мыңға жуық адам тұрады.
АСЫЛХАН ҚАСЫМОВ, ПЕТЕРФЕЛЬД АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
- Бескөлден 50 шақырымда тұрамыз. Жиналыстар болғанда халықтың сұрауы бойынша көшелерді абаттандыру болады. Биылғы жылы октябрь көшесіне қиыршық тас төсеп, Октябрь көшесі және Торговый көшесінде. 1 шақырымдай жер Петерфельд ауылында қосты, істелінді. Және де Затон ауылында екі көше істелінді. Біреуі Шұғыла көшесі және Молодежный көшесіне биыл қиыршық тас төселеді. Кривозерка ауылында биыл бағдарлама бойынша шам бағандары орнатылды. Ол жерге 29 шам ортаылды. Петерфельд ауылында 15 орнатылды.
Петерфельд ауылдық округінде медицина саласы да басты назарда. Қазіргі уақытта Кондратовка ауылында фельшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басталды. Ал Затон және Боровской ауылдарында биыл балаларға арналған ойын алаңдары пайдалануға берілді. Елді мекендердегі жолдар да назардан тыс қалмаған.
ГҮЛБАРШЫН ШАЙХЛЕСОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Су да тартты. Петерфельд жақсы өркендеп жатыр. Жолда істеп жатыр. Бәрі жақсы. Мен өзім Петерфельдке ризамын. Бәрі жақсы.
«Петерфельд агро» ЖШС басшылығы өз жұмысшыларына бар жағдай жасаған. Ферма қызметкерлеріне арнайы салынған баспаналар да бар.
АСЫЛХАН ҚАСЫМОВ, ПЕТЕРФЕЛЬД АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
- Елде жұмыс бар. Бізде «Петерфельд агро» жұмыс істеп жатыр. Петерфельд агрода 4 жарым мың қара мал бар. Жұмыс орындары бар. Кісілерге қандай жұмыс жасаймын десе де, механизаторларға орын бар. Және де мал шаруашылығында жұмыс істеуге халыққа толығымен жұмыс бар деп айта аламыз.
Ауылдық округте тұрғындар жылыжай шаруашылығымен де айналысады. Қазіргі уақытта елді мекенде сондай 11 нысан жұмыс істеп тұр.
АҒАБАЛА ӘЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Биыл бұл кәсіппен айналысып жатқаныма 20 жылдан асты.Қыста тюльпан егіп жатырмыз. Жаздыкүні огурцы егеміз. Марттың аяғына егеміз. Сентябрьдың аяғына дейін шығады. Күніге 200-300 кг шығады. Оның бәрін қалаға өткіземіз. Біздің деревня кішкентай.
Петерфельд ауылдық округі әкімінің сөзінше, биыл да елді мекендегі бірнеше көшеге асфальт пен қиыршық тас төселмек.