Петропавлдың бас алаңында III халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалі өтті. Іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі халықаралық өнер додаларында топ жарып жүрген жергілікті би ұжымдары өнер көрсетті. 


Петропавлдың бас алаңында III халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалі би өнері концерті өтті. Би фестивалінде тұрғындар назарына жалпы 6 ансамбль 35 номер ұсынбақ. Іс-шарада өңірімізге танымал «Әдемау», «Мәңгілік» , «Қуанамын», «Sensіtive» би ұжымдары өнер көрсетеді.


МАКСИМ ТОНКОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- «Qyzyljar Music Fest» фестивалін хореографиялық блокпен аштық.Яғни ең бірінші болып өңіріміздің би ұжымдары өнер көрсетеді. Одан кейін кешке классикалық музыкаға кезек береміз. Әншілердің қатарында Аргентина мен Италиядан келген жұлдыздар бар. Біз бұл ауқымды іс-шараға жарты ай дайындалдық.


Бүгінгі фестивалге қатысушылардың бірі Мария Лукоянова. Ол «Қуанамын» би ансамблінің мүшесі. Бұрымды бұл өнер түрімен 10 жылдан бері айналысып келеді. Айтуынша бүгінгі іс-шараға би ұжымы 2 апта дайындалған.


МАРИЯ ЛУКОЯНОВА, «ҚУАНАМЫН» БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

- Біздің «Қуанамын» би ұжымы Qyzyljar Music Fest фестивалінде осымен 2 жыл қатысып отыр. Біз бүгін 6 ұлттың биін билейтін боламыз.Олардың ішінде Орыс, Ұйғыр, Түрік, Тәжік халқының билері бар. Бұл фестиваль біз үшін айрықша маңызға ие, себебі ол өте ауқымды.


Бишілердің өнерін тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Барлығы да фестивальдің деңгейіне дән риза.


- Қызылжар күнін әр қашан осылай өткізе берейік.Біз қуана берейік.Жалпы фестиваль өте тамаша өтіп жатыр.


- Барлығы керемет, өте әдемі. Маған бүгінгі фестиваль ұнап отыр. Бұл іс-шараға бірінші рет келіп отырмын, көңілімнен шықты.


- Өте жақсы, өте әдемі. Біздің қаламыз құлпырып жатыр. Менің қызым билейді даймонд деген ұжымда.»


«Qyzyljar Music Fest» фестивалі би өнері концертінен кейін бас алаңда классикалық музыка кеші өттт. Іс-шарада Аргентинадан келген опера әншілері Ivanna Speranza мен Италиядан келген David Piaggio өнер көрсетті.